auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Құр сөз емес". "Канеломен" қарымтада Головкин жеңгенінің дәлелі келтірілді

Мексикалық жекпе-жекті бақылауында ұстамағаны айтылды.

"Құр сөз емес". "Канеломен" қарымтада Головкин жеңгенінің дәлелі келтірілді
© Fightnews.info
0
Ресейлік "Чемпионат" порталы Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) пен Сергей Ковалевтің (34-3-1, 29 КО) жекпе-жегі алдында мексикалықтың даумен аяқталған кездесулерінің топтамасын жасады. Материалға қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жектері де кірген.

"Мексикалықтың допинг дауына байланысты қарымта ұзаққа созылды. "Канелоның" ағзасынан кленбутерол табылған еді. Осыған байланысты 2018 жылдың мамырындағы кездесу өтпей қалды, ал Головкин бос тұрмас үшін Ванес Мартиросянмен қыздырынп алды. 

Жалпы "Канело" мен GGG арасындағы екінші жекпе-жек біріншісінің жалғасы болды. Боксшылар жарқын әрі сапалы бокс көрсетті, нық жұмыс істеп, соққы алмасудан қорықпады. Иә, бірінші кездесуге қарағанда Сауль кей соққыларын өткізе алды, дегенмен, ол жекпе-жекті өз бақылауында ұстады деп айтуға келмейді. Екеуі де ауыр соққыға шыдап, жақтарының мықты екенін тағы бір көрсетті. Чемпиондық раундтарда қазақстандық басым көрінді, бірақ, жеңіске бұл тағы жеткіліксіз болды. Оның үстіне төрешілер бұл жолы жеңісті Саульге берді - 114:114, 115:113 және 115:113.

Статистикаға қарап, төрешілердің жақстасқанын оңай түсінуге болады. Бұл жолы пайыздық арақатынаста "Канело" Геннадийге қарағанда айтарлықтай дәлірек болған. Сонымен бірге, ол қарсыасына соққы жасау бойынша да өкшелеп қалған, алайда, құрғақ сандар бойынша оның мықты екені көрінген жоқ - 622 соққыдан дәл тигені 202 (32,5%), ал Геннадийде 879 соққыдан дәл тигені 234 (26,6%). Бұл жерде келтірілген сандар құр сөзден сөзден артық шығар", - деп жазыпты басылым. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар