Дегенмен промоутер Эдди Хирн (Matchroom Boxing) украиналық боксшыға басқа қарыслас тауып үлгеретініне сенімді. Бірінші ауыр салмақтағы бұрынғы аболют чемпион Усиктің жекпе-жегі Чикагодағы бокс кешінің басты шоуы болып тұр.
"Жағдай келесідей: VADA бізге Спонгтің ағзасынан тыйым салынған дәрмектің табылғанын айтты. Иллинойс штатының атлетикалық комиссиясына да осындай хабарлама жолданды. Жағдайдың анық-қанығы сәл кешірек белгілі болады. Дегенмен бізде мұндай жағдайға да амал бар. Келіссөздер жүріп жатыр", - деп келтіреді Хирннің сөзін vRINGe.com.
Ал украиналықтың менеджері Эгис Климас өте ашулы: "Адамдар соңғы мүмкіндікті пайдаланып, алдауға, қулық-сұмдыққа дайын тұратыны жаман. Бокста бәрі ауыр еңбекпен келеді. Ал мұндай амалдар әріптестері мен жанкүйерлеріне деген құрметсіздік. Әрине, Усик ызалы. Ол жекпе-жекке барынша дайындалды".