auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Қулық-сұмдыққа дайын тұрады". Менеджер Усик қарсыласының допингпен ұсталғанына ашулы

Украиналық аса ауыр салмақта алғаш рет жұдырықтасады.

"Қулық-сұмдыққа дайын тұрады". Менеджер Усик қарсыласының допингпен ұсталғанына ашулы
© Fightnews.info
Аса ауыр салмақтағы нидерландтық проспект Тайрон Спонг (14-0, 13 КО) допингпен ұсталып, 12 қазанда украиналық Александр Усикпен (16-0, 12 КО) жұдырықтаса алмайды. 

ESPN ақпаратынша, Спонг ағзасында кломифен антиэстрогені (тестостерон секрециясын күшейтеді) табылған. 

Дегенмен промоутер Эдди Хирн (Matchroom Boxing) украиналық боксшыға басқа қарыслас тауып үлгеретініне сенімді. Бірінші ауыр салмақтағы бұрынғы аболют чемпион Усиктің жекпе-жегі Чикагодағы бокс кешінің басты шоуы болып тұр. 

"Жағдай келесідей: VADA бізге Спонгтің ағзасынан тыйым салынған дәрмектің табылғанын айтты. Иллинойс штатының атлетикалық комиссиясына да осындай хабарлама жолданды. Жағдайдың анық-қанығы сәл кешірек белгілі болады. Дегенмен бізде мұндай жағдайға да амал бар. Келіссөздер жүріп жатыр", - деп келтіреді Хирннің сөзін vRINGe.com.

Ал украиналықтың менеджері Эгис Климас өте ашулы: "Адамдар соңғы мүмкіндікті пайдаланып, алдауға, қулық-сұмдыққа дайын тұратыны жаман. Бокста бәрі ауыр еңбекпен келеді. Ал мұндай амалдар әріптестері мен жанкүйерлеріне деген құрметсіздік. Әрине, Усик ызалы. Ол жекпе-жекке барынша дайындалды". 
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар