Бокс
Бүгін 09:09
 

Құлатып тастады. Жүсіповтің ӘЧ-дегі айқасы екі нокдаунмен бітті

  Пікірлер

blog.share

Құлатып тастады. Жүсіповтің ӘЧ-дегі айқасы екі нокдаунмен бітті ©ҚР ҰОК

Қазақстан бокс құрамасының көшбасшысы Абылайхан Жүсіпов IBA Дубайда (БАӘ) өткізіп жатқан әлем чемпионатында бірінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстан бокс құрамасының көшбасшысы Абылайхан Жүсіпов IBA Дубайда (БАӘ) өткізіп жатқан әлем чемпионатында бірінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Турнирдегі оның алғашқы қарсыласы Армения боксшысы Арарат Харутюнян болды. Алғашқы минуттардан бастап Жүсіпов белсенді түрде сериялы соққылар жасады. Бірінші раундты қазақстандық боксшы 5:0 есебімен басмы болды.

Екінші үш минуттық кезеңде Абылайхан қарсыласын құлатып тастады, бірақ, Харутюнян орнынан тұрып, жекпе-жекті жалғастырды.

Үшінші раундта Жүсіповке келесі кезеңге өту үшін нокаутпен жеңілмесе болғаны еді. Алайда қазақстандық боксшы өарқынын тоқтатпай, қарсыласын тағы да нокдаунға түсірді.

Осылайша, Абылайхан айқын басымдықпен жеңіп, келесі кезеңге өтті. Ал Харутюнян жарыстан шығып қалды.

Жүсіпов – әлем чемпионаттарының үш дүркін қола жүлдегері (2017, 2019, 2021) және Азия чемпионатының (2017) күмісін иеленген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!