Бокс
Бүгін 13:03

Құлақ тістегіш ресейлік IBA шешіміне қатысты ойын айтты

©

Ресейлік боксшы Всеволод Шумков Дубайда (БАӘ) өткен 2025 жылғы әлем чемпионаты финалындағы даулы жағдайға байланысты Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) қабылдаған шешімге пікірін білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұған дейін IBA 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалдық жекпе-жектің нәтижесі қайта қаралмайтынын ресми түрде хабарлаған болатын. Айқас барысында Шумков өзбекстандық Абдумалик Халоковтың құлағын тістеп алған, дәл осы жағдай тергеуге себеп болды.

Осылайша, төрешілердің бөлінген шешімімен жеңіп алған алтын ресейлік боксшыда қалды.

"Алтын медальдің менде қалатынына сенімді болдым, себебі жекпе-жектің барысын өзгерте алатындай өрескел ереже бұзушылық та, айқын зиян келтіру де болған жоқ. Қолымды көтерген сәттен бері сезімім өзгерген жоқ. Қазір тек біржола анық болды — мен әлем чемпионымын. Қалай болғанда да, өз әрекеттерім үшін жауап беремін, егер комиссия қандай да бір шешім қабылдаса, кез келген санкцияны қабылдауға дайынмын", - деді Шумков "Матч ТВ"-ға берген сұхбатында.

Еске салайық, IBA ұйымдастырған 2025 жылғы бокстан әлем чемпионатында Ресей құрамасы жүлделік есепте бірінші орын алды. Команда 7 алтын, 5 күміс және 1 қола жеңіп алды. Екінші орынға Қазақстан құрамасы (3 алтын, 1 күміс, 2 қола) жайғасса, үздік үштікті Өзбекстан (2 алтын, 4 күміс, 3 қола) түйіндеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport