auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Құл еткісі келеді". Елеусінов Головкиннің проутерінен кету себебін айтты

"Құл еткісі келеді". Елеусінов Головкиннің проутерінен кету себебін айтты
©instagram.com/yeleussinovdaniyar/

Жарытлай орта салмақта IBO чемпионы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) badlefthook.com басылымына берген сұхбатында Эдди Хирнге тиесілі Matchroom Boxing промоутерлік компаниясында неге қалмағанын айтып берді. 

"Matchroom-де қалатын едім, бірақ, ұсыныстағы шарттары құл етеді. Былай қиын емес. Жылына 100 мың доллар төлеу керекпін, ең атақты боксшылар: Конор Бенн, Верджил Ортис немесе Эррол Спенспен шығып жатсам да. Мұндай боксшылармен шықсам, ондай айқас төлеу керек соммамнан алты-жеті есе артық пайда әкеледі! Алайда мен гонорарды арттыруға мүлде құқым жоқ екен. 

Фрэнк Уоррен мен Эл Хеймон сияқты промоутерлермен қуана жұмыс істер едім, бірақ, олардың өз боксшылары мен міндеттері бар. Қазақстандық болғандықтан менің ісімді ешкім жүргізгісі келмейтін сияқты. Көңілден шығатын нұсқа күтіп жүрміз. Бұған уақыт керек сияқты. 

Менің стилім кей промоутерлерге келмейтінге ұқсайды. Мәселен, Эдди Хирн мен сияқтыларға қарағанда панчерлерді ұнатады. Жанкүйерлер үшін де боксшының танымал болғаны ұнайды, алайда, қазақтар өзін жарнамалай бермейді. Атыңды шығару үшін трэш-токер болу керек сияқты, бірақ, бұл менің мінезіме жат дүние", - дейді ол.  

Айта кетейік, Эдди Хирн қазіргі таңда өзге қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің айқастарын ұйымдастырумен айналысып жүр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама