Бокс
20 мамыр 2020 10:31
 
"Құбыжықтай үрейлендіретін". Жеңіліс көрмеген боксшы Головкин әлсіздерді ғана нокаутқа түсіргенін айтады

  Пікірлер

blog.share

"Құбыжықтай үрейлендіретін". Жеңіліс көрмеген боксшы Головкин әлсіздерді ғана нокаутқа түсіргенін айтады Сурет: HBO Boxing

Болашағынан үміт зор америкалық Вирджил Ортис (15-0, 15 КО) Fino Boxing арнасына берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) арасында үшінші рет жекпе-жек өткізу қажет емес екенін айтады.

Ортис боксшылардың Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен екі жекпе-жегінің де андеркартында жұдырықтасқан.

"Шынына келсек, мен онсыз да Альварес жеңетінін білемін. Тіпті нокаутпен жеңе алады. Иә, өз кезінде Головкин құбыжықтай үрейлендіретін, бірақ, ол кезде деңгейі төмен боксшылармен жұдырықтасты. Ал мықтылармен кезіге бастағанда олай болмай қалды. Меніңше, "Канело" екі жекпе-жекте де Головкинді жеңді.  

Трилогияның титтей де қажеттілігін көріп тұрған жоқпын. Алайда шешетін мен емес, "Канело". Егер ол қаласа, бар деген сөз. Мүмкін ол Головкин тағы бір айқасқа лайық дейтін шығар. Мүмкін тағы бір сабағысы келген болар. Олай болса, алға. Ал мен қайталап айтайын, мұның ешқандай қажеттілігін көрмей отырмын", - дейді Ортис. 

Жарнама

Живи спортом!