"Құбыжық сияқты". Даңқты боксшы нокаутшы чемпионды Головкинге теңеді

©Тұрар Қазанғапов

Бокстан әлемнің бұрынғы чемпионы, Халықаралық бокс даңқының залына мүше британиялық Карл Фроч отандасы Каллум Смит (29-2, 21 КО) пен ресейлік Артур Бетербиев (20-0, 20 КО) арасындағы жекпе-жекке қатысты ойын айтты, деп жазады Vesti.kz.

"Бетербиев - ол құбыжық сияқты. Дүркіреп тұрған шағындағы GGG Головкинге ұқсайды. Буынмен жасағандай көрінетін соққылар жайлы айтамын, қарсыласына үлкен залал келтіреді. Қарап тұрасың да түсіне алмайсың: "Немен ұрды?" деп. 

Маған қызығы Смитке 18 ай үзілістен кейін Артурмен жұдырықтасуға кім кеңес берді? Менің ойымша, алдымен оған Энтони Ярд немесе өзге қарсыласпен шынығып алып барып осынша ауыр және маңызды жекпе-жек өткізу керек еді", - деп береді Фрочтің сөзін TalkSport Boxing.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар