Екінші жеңіл салмақта әлемнің абсолют чемпионы, жапониялық Наоя Иноуэ (33-0, 27 KO) келесі жылдың басында жартылай жеңіл салмаққа ауысуды ұйғарды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Иноуэ Родригесті күтпейтін болды
"Құбыжық" лақап атымен танымал жапониялық боксшы америкалық Джесси Родригеспен (24-0, 17 KO) үлкен жекпе-жек өткізуді жоспарлаған еді. Алайда ықтимал кездесудің мерзімі қайта-қайта кейінге шегеріліп келеді. FazSports мәліметінше, Иноуэ енді күтебермей, карьерасының келесі кезеңіне назар аударуды жөн көрген.
Жапониялық боксшының промоутері Хидеюки Охаши команда рингке оралуды сәуір немесе мамырға дейін кейінге қалдырмайтынын растады. Иноуэ келесі жекпе-жегін ақпан немесе наурыз айында өткізуді жоспарлап отыр. Ол жаңа салмақ дәрежесіндегі дебютін бірден чемпиондық белбеу үшін жекпе-жектен бастауды көздейді. Яғни жаңа салмаққа бейімделу үшін аралық кездесу өткізбейді.
"Құбыжық" тарихи жетістікке ұмтылып отыр
Жартылай жеңіл салмақта чемпиондық белбеулер Брэндон Фигеро (WBA), Брюс Кэррингтон (WBC), Анджело Лео (IBF) және Рафаэль Эспиносада (WBO). Жақын арада Фигероа мен Эспиноса титулдарын қорғайды: америкалық боксшы Томоки Камэдамен, ал мексикалық Лоренсо Паррамен кездеседі.
Иноуэ жаңа салмақтағы алғашқы жекпе-жегінде-ақ чемпиондық белбеу үшін таласпақ. Оның ұзақ мерзімді мақсаты - америкалық аты аңызға айналған Теренс Кроуфордтың жетістігін қайталап, үш салмақ дәрежесінде абсолют чемпионы атану.
フェニックスバトルソウル 行って来ました! https://t.co/dhYMdXjirR
— 井上尚弥 Naoya Inoue (@naoyainoue_410) October 10, 2026
Жарнама