"Құбыжық" лақап атты өзбек нокаутшы абсолют чемпионның кардында жұдырықтасады

Сурет: Fightnews.info

Кәсіпқой рингте "Құбыжық" лақап атымен танымал 25 жастағы өзбекстандық проспект Исраил Мадримов (5-0, 5 KO) келесі жекпе-жегін 15 тамыз АҚШ-тың Талса қаласында өткізеді. 

Оның қарсыласы 37 жастағы америкалық Эрик Уолкер (20-2, 9 KO) болады. Бес қарсыласының бәрін нокаутқа түсірген Мадримов WBA ұйымының бірінші орта салмақ рейтингінде екінші тұр. Ал ESPN өзбекстандықты әлемдегі болашағы зор боксшылар тізіміне қосқан. 

Matchroom Boxing пен DAZN ұйымдастыратын бұл бокс кешінде тағы бір өзбек боксшы Шахрам Гиясов WBA International титулын 29 жастағы мексикалық Франсиско Рохоға қарсы қорғайды. Олимпиаданың күміс жүлдегері Гиясов бірінші жартылай орта дивизионда өнер көрсетеді. 

Бұл шоудың басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақта абсолют чемпион Сесилия Брекхус бірінші жартылай орта дивизионда әлем чемпионы Джессика Маккаскиллмен жұдырықтасады.

Еске салайық, Мадримов былтыр қазанда қазақстандық Геннадий Головкин кардында жұдырықтасқан (40-1-1, 35 КО). Ал GGG-ді өзбекстандық ең сүйікті боксшым деп атаған еді.