Америкалық бапкер Джоэл Диас қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен Сауль Альварес (57-1-2, 39 КО) арасындағы жепке-жекке қатысты біржақты пікірін ашық айтты, деп хабарлайды vRINGe.com.
"Мені бұл айқас қызықтыра ма? Жоқ. Бокспен өмір сүретін адамдарды бұл жекпе-жек қызықтырмайды. Неге? Біз екі кездесуді де көрдік. Еш тосылмай, ашығын айтайын ба? Жарайды. Бұл айқастың мәні бар ма? Төрт жыл өтіп кетті. Бұрынғыдай қызығушылық қалмады. "Канелоның" командасы Головкиннің әбден қартайғанын күтті. Сондықтан көретініміз бір жақты сабау, Альварес Головкинді. Геннадий 40 жасқа келді. Олар үшінші жекпе-жекті 2019 жылы өткізу керек еді, төрт жылдан кейін емес", - деп есептейді Диас.
"Головкиннің қартайғаны анық. Ал "Канелодан" құбыжық жасап жіберді. Мен Геннадий Сергей Деревянченкомен жұдырықтасқанда Нью-Йоркте болдым. Ол кезде украиналық жеңді. Ал қазір ол қайда, Саульдің қасында да тұрмайды. Ендеше Головкин Сергеймен осынша алпарысса, онда Альвареспен айқаста не болатынын елестете беріңіз. Бокстан аса хабары жоқ жанкүйерлер төрт жыл өткеніне қарамастан трилогияны көргісі келеді. "Канело" сөзсіз жеңгенін, ал Сауль анық жеңіс арқылы алдыңғы екі айқастағы даулы шешімді жуып-шаяды", - деп түйіндеді бапкер.