Бокс
4 маусым 2022 11:13

Кубалық чемпион Головкинді жекпе-жекке шақырды

© StarSports.life

39 жастағы Эрисланди Лара (29-3-3, 17 КО) карьерасын аяқтамақ түгілі, ең мықты деген боксшылармен жекпе-жекке шыққысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды vRINGe.com.

Орта салмақта өнер көрсететін кубалық боксшы әлем чемпионы титулының екінші дәрежелі WBA World белбеуіне ие. 

"Чарлоның екеуімен де жұдырықтасқым келеді, Дэнни Гарсиямен де. Кит Турман ең мықтылармен айқасқысы келсе, онымен де аралық салмақта жекпе-жекке дайынмын. Эррол Спенс және Геннадий Головкин - осы екеуімен кездесуге қуанышты боламын. Мен әлемдегі ең мықты боксшылардың бірі екенімді білемін және адамдар аңыз деп ойлайтын қарсыластармен шыққым келеді. Олармен айқасып, оларды жеңем", - дейді Лара. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport