Қуат Хамитов WBC-дің арнайы титулы үшін жұдырықтасады

©instagram.com/kuat__khamitov/

Қуат Хамитов пен Нұрберген Шәріповтің бокс ережесі бойынша жекпе-жегінде WBC ұйымының арнайы белбеуі сарапқа салынады.

Бұл туралы белгілі промоутер Зия Әлиев айтып берді. 

Бұл жекпе-жек 28 қыркүйек, Алматы қаласында өтеді. Кештің басты айқасында Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов WBC белбеуі үшін филиппиндік Джо Нойнаймен жұдырықтасады. 

"WBC ұйымымен келістік. Олар біздің ивентке ерекше көңіл бөледі. Сонымен қоса Хамитов пен Шәріпов жекпе-жегінде арнайы біз үшін жасалған белбеу сарапқа салынады. Олар бокс ережесі бойынша алты раундтық жекпе-жек өткізеді. Дәл осындай белбеу Джейк Пол мен Томми Фьюри айқасында да сарапқа салынған болатын", - дейді Әлиев. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар