Кіші әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектеріне тікелей трансляция

©Назым Қызайбайдың инстаграм парақшасынан

Бүгін, 26 ақпанда Қазақстан құрамасының боксшылары "Странджа кубогіндегі" жекпе-жектерін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Күндізгі сессияда Дамир Әбдіқадыр мен өзбек Хасанбой Дусматов 51 келі салмақтың алтынына таласады. Әйелдер арасында 50 келіде Назым Қызайбай мен алжирлік Боуалем Роумайсамен қолғап түйістіреді. Сонымен қатар, 54 келіде Дина Жоламан болгариялық Станимира Петровамен кездеседі.

Жекпе-жектер елорда уақытымен 18:00 басталады.

Кешкі сессияда 81 келіден жоғары салмақта Ляззат Күнгейбаева ресейлік Дулма Лумбуновамен рингте кездеседі.

Сондай-ақ, ерлер арасында үш отандасымыз финалда бақ сынайды. 54 келіде Махмұд Сабырхан болгариялық Ясен Радевпен кездессе, Дулат Бекбауов пен даниялық Николай Тертерян 67 келінің алтынын сарапқа салады. Ал 86 келі салмақта Сағындық Тоғамбай мен Украинадан келген Сергей Горшков өзара мықтыны анықтамақ.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport