Кіші әлем чемпионатында екі қазақ боксшы бір-бірімен айқасты
©nform
"Странджа кубогінің" 1/8 финалында екі қазақ боксшысы кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Странджа кубогінің" 1/8 финалында екі қазақ боксшысы кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
71 келіге дейінгі салмақтың ширек финалы сарапқа салынған айқаста Қуан Қуатов пен Ермахан Жәкпеков қолғап түйістірді. Тартысты жекпе-жекте 3:2 есебімен Жәкпеков жеңіске жетті.
Төртінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Санжар Тәшкенбай (48 келі), Тимур Қабдешов пен Дамир Әбдіқадыр (екеуі де 51 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі) пен Нұрлан Сапарбай (92 келі) келесі айналымға жолдама алды.
Өкінішке қарай, Даниял Сәбит (48 келі) пен Василий Самчук (66 келі) жарысты аяқтады.
Жарнама