Қазақстандық боксшы Бекзат Таңатар кіші әлем чемпионаты аталып кеткен "Странджа кубогі"-2026 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
85 келіге дейінгі салмақтағы 1/8 финалда Бекзаттың қарсыласы италиялық Паоло Карузо болды.
Бірінші раундта төрешілердің аралас шешімімен (3:2) басымдық Бекзатқа берілді. Екінші раундта 4:1 есебімен италиялық боксшы алға шықты. Шешуші үшінші раунд қайтадан Таңатардың пайдасына шешілді — 3:2.
Қорытындысында қазақстандық боксшы жекпе-жекте төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті - 3:2. Осылайша, Бекзат 1/4 финалға жолдама алды.
Бұған дейін дәл осы салмақта өзге қазақстандық боксшы Сұлтанбек Айбарұлы грузиялық Сабо Квиникадзені жеңіп, ширек финалға жолдама алған еді.