Бүгін, 26 ақпанада Болгария астанасында өтіп жатқан Странджа кубогі атты бокстан халықаралық турнирдің финалы өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан бұл жарысқа алып келген 12 боксшының біреуі ғана алтын үшін таласады - 57 келіде Оразбек Асылқұлов. Қазақ боксшының қарсыласы Болгария құрамасы үшін өнер көрсетіп жүрген кубалық Хавьер Ибаньес.
Бұл жекпе-жек Астана уақытымен 21:00-де басталатын кешкі сессияда өтеді.