Бокс
Кеше 21:36

Кіші ӘЧ-дегі Қазақстан - Өзбекстан айқасы 5:0 болып бітті

©depositphotos.com

Қазақстан құрамасының боксшысы Әнел Құдайберген Болгарияда өтіп жатқан "Странджа кубогі" халықаралық турниріндегі алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында ол Өзбекстан боксшысы, әлем чемпионаттарының екі дүркін қола жүлдегері Сабина Бобокуловамен қолғап түйістірді.

Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің ортақ шешімімен (5:0) жеңіс өзбекстандық спортшыға берілді.

Осылайша, Құдайберген турнирдегі өнерін аяқтады. Ал Бобокулова жартылай финалға шығып, өзіне кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport