Қазақстандық боксшы Руслан Күзеубаев Софияда (Болгария) өтіп жатқан халықаралық "Странджа кубогы - 2026" турнирінің 1/8 финалына өте алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/16 финалда Кузеубаев АҚШ чемпионы Салим Эллис Бейпен кездесті. Салим Эллис Бей қатарынан 20 жеңіс сериясын үзбей келе жатқан күшті спортшы.
Бірінші раунд американдық боксшының пайдасына 4:1 есебімен аяқталды. Қалған екі раунд та төрешілердің шешімімен амеркиалықтың пайдасына шешілді - 3:2. Нәтижесінде жеңіс америкалыққа беріліп, Күзеубаев жарысты 1/16 финалдан кейін аяқтады.
Бұған дейін рингке шыққан бкосшылардың нәтижелері:
Бекзат Алдамжаров (50 кг) 1/8 финалда өзбекстандық Асильбек Жалиловқа есе жіберді.
Фарух Тохтасынов (70 кг) 1/16 финалда аустриялық Арсен Чабиянды жеңді.
Бағлан Кенжебек (55 кг) 1/16 финалда Ниджат Гусейновтан басым түсті.
Тимур Қабдешов (55 кг) ирландиялық Пэтси Джойсты жарыс жолынан шығарды.
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (77 кг) 1/16 финалда өзбекстандық Абдулазиз Журакуловты жеңді.
Нурмагамед Юсупов (90 кг) Уэльс боксшысы Коннор Уильямсты жеңіп, 1/4 финалға өтті.
Жарнама