Кіші ӘЧ-де қазақ боксшының қарсыласы рингке шықпады

©ҚБФ

Қазақстандық Бекзат Таңатаров Болгарияда өтіп жатқан халықаралық турнирдің 1/4 финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

86 келі салмақта оның қарсыласы үндістандық Картик атты боксшы болу керек еді. Алайда қазақ боксшының қарсыласы рингке шықпады. 

Ал осының алдында 67 келіде Темірхан Тезек ринг қожайыны - Пламен Янковты төрешілердің бөлек шешімімен жеңді. Сонымен қоса, 57 келіде Оразбек Асылқұлов және 63,5 келіде Ертуған Зейнуллинов те келесі айналымға өтті. Ал 54 келіде өнер көрсететін Бекзат Алдамжаров жарыс жолынан шығып қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport