Қазақстандық боксшы Диас Молжігітов Софияда (Болгария) өтіп жатқан халықаралық "Странджа кубогы - 2026" турнирінің 1/16 финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Vesti.kz.
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Молжігітов АҚШ-тың 2021 жылғы чемпионы Робби Гонзалеспен жұдырықтасты. Барлық үш раунд төрешілердің шешімімен америкалық боксшының пайдасына шешілді: 3:2, 3:2, 4:1.
"Странджа кубогы - 2026" турниріндегі Қазақстан боксшыларының бұған дейінгі нәтижелері:
Бекзат Алдамжаров (50 кг) 1/8 финалда өзбекстандық Асильбек Жалиловқа есе жіберді
Фарух Тохтасынов (70 кг) 1/16 финалда аустриялық Арсен Чабиянды жеңді
Бағлан Кенжебек (55 кг) 1/16 финалда әзірбайжандық Ниджат Гусейновтан басым түсті
Тимур Қабдешов (55 кг) ирландиялық Пэтси Джойсты жарыстан шығарды
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (77 кг) 1/16 финалда өзбекстандық Абдулазиз Журакуловты жеңді
Нұрмағамед Юсупов (90 кг) уэльстік Коннор Уильямсты жеңіп, 1/4 финалға шықты
Руслан Кузеубаев (90 кг) 1/8 финалда америкалық Салим Эллис-Бейге есе жіберді
Жексен Бейбарыс 1/16 финалда моңғолиялық Лундаа Гантумурдан жеңілді.