Қазақстан әйелдер құрамасының боксшылары Ұлжан Сарсенбек пен Айдана Забынбекова беделді "Странджа кубогі"-2026 турнирінде өзара жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
57 келіге дейінгі салмақта өткен кездесу төрешілер шешімімен Сарсенбектің жеңісімен аяқталды.
Бірінші раунд 5:0 есебімен Ұлжанның пайдасына шешілді. Екінші үш минуттық кезеңде де аз ғана басымдықпен (3:2) Сарсенбек алға шықты. Осылайша, шешуші үшінші раундта да (5:0) басым түскен Ұлжан келесі кезеңге өтті.
Жарнама