Кіші ӘЧ атанып кеткен Старнджа кубогіне қатыстаын қазақстандық боксшылар іріктелді
Ақпан айында Болгария астанасы Софияда бокстан дәстүрлі "Странджа" турнирі өтеді. Осымен 75-рет ұйымдастырылатын "Кіші әлем чемпионаты" атанып кеткен турнирге бокстан Қазақстан құрамасы да қатысады.
Ақпан айында Болгария астанасы Софияда бокстан дәстүрлі "Странджа" турнирі өтеді. Осымен 75-рет ұйымдастырылатын "Кіші әлем чемпионаты" атанып кеткен турнирге бокстан Қазақстан құрамасы да қатысады.
Турнирде бақ сынайтын боксшылар қатарында әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай да бар. Ол жақында ғана әскери ант қабылдаған болатын.
Бас бапкер Мырзағали Айтжановтың айтуынша, жарыс басталғанға дейін құрамда аз-кем өзгеріс болуы да мүмкін.
"Странджа" турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы:
51 келі: Санжар Тәшкенбай
54 келі: Дәулет Молдашев
57 келі: Оразбек Асылқұлов
60 келі: Руслан Күзеубаев
63,5 келі: Ерасыл Танкай
67 келі: Дулат Бекбауов
71 келі: Талғат Шәйкен
75 келі: Нұрқанат Райыс
80 келі: Тұрсынбай Құлахмет
86 келі: Абзал Құттыбеков
92 келі: Сағындык Тоғамбай
Турнир 2-12 ақпан аралығында өтеді.
Жарнама