30 қазанда Ташкенттегі HUMO ARENA спорт кешенінде кәсіпқой бокс кеші өтеді. Ивенттің басты жекпе-жегінде бірінші орта салмақтағы WBA ұйымының экс чемпионы, өзбекстандық Исроил Мадримов (11-2-1, 7 КО) Әзербайжан боксшысы Сеймур Исаевпен (15-2, 13 КО) кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.
31 жастағы Мадримов үшін бұл жекпе-жек 2024 жылдың жазында Теренс Кроуфордпен айқаста титулдан айырылғаннан кейінгі үшінші кездесу болмақ.
2025 жылдың ақпанында Мадримов тағы бір атақты америкалық боксшы Вёрджил Ортиспен 12 раундтық жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіліп қалды. Өзбекстандық боксшы бұл сәтсіздіктердің орнын 2026 жылдың қаңтарында толтырды. Ол доминиканалық Луис Давид Салазарды жеңді.
Айта кетейік, әуесқой бокста Мадримов 2017 жылғы Азия чемпионатында және 2018 жылғы жазғы Азия ойындарында жеңімпаз атанған.