Суперорта салмақта абсолют чемпион Теренс Кроуфордтың (42-0, 31 КО) рингке оралатын мерзімі белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кроуфордтың келесі қарсыласы кім болмақ?Бұған дейін Кроуфордтың мексикалық Сауль Канело Альвареспен (63–3–2, 39 КО) қарымта өткізуі талқыланған еді. Алайда енді Yardbarker мәліметінше, америкалық боксшының назары орта салмақтағы екі белбеуі бар чемпион - қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына (17-0, 12 КО) ауысқан.
Бұл жағдай Канеломен болатын реванш туралы қауесеттерді сейілтті. Енді Кроуфорд жаңа тарихи мақсатқа бағыт алған сияқты, ал рингке алдағы бір екі айда оралмақ.
Жекпе-жек 2026 жылдың бірінші жартысында өтеді деп күтілудеИнсайдер Крис Манникстің хабарлауынша, Кроуфорд келесі жекпе-жегін 2026 жылдың наурыз айында өткізуді жоспарлап отыр. Бұл жоспар Канеломен қарымтаны да, америкалық блогер әрі боксшы Джейк Полмен (12-1, 7 КО) шоуматчты да жоққа шығарады.
Кроуфордтың нысанасы - Әлімханұлы"Теренс Кроуфорд Джейк Полдың қарсыласы ретінде қарастырылып отырған жоқ. Ол өзінің жеке шоуына дайындалып жатыр және айқасын наурызда өткізбек", - деп жазады Манникс.
Дереккөздің хабарлауынша, америкалық чемпион Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуді көздеп отыр. Қазақстандық боксшы қазіргі таңда WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. 6 желтоқсанда ол кубалық Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 КО) кездесіп, WBA белбеуін де иеленуге тырысады.
"Бәрін жеңуді жалғастыра бер. Біз жақында кездесеміз, уәде беремін", - деп жазды Кроуфорд DAZN Boxing жариялаған Әлімханұлы туралы жазба астында.
Егер бұл жекпе-жек расымен өтсе, ол 2026 жылдың ең ірі оқиғаларының бірі болмақ - абсолют әлем чемпионы мен барлық белбеуді біріктіруге ұмтылған жеңіліп көрмеген қазақстандықтың тартысы.