Бірер жыл бұрын боксқа оралған Әйгерім Сәттібаева Семейдегі ел чемпионатының финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Әйелдер арасындағы ең жеңіл (-48 келі) салмақтағы жекпе-жекте жамбылдық боксшы қызылордалық Ақбота Болатты жеңіп шықты. Осылайша 15 жылдан кейін ел чемпионатының финалына жолдама алды.
Әйгерім Сәттібаеваның жасы 34-те, 5 баланың анасы. Ол бокстан Азия чемпионы және қола жүлдегері, әскерилер арасында әлем чемпионы. Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) 2 дүркін чемпионы Олжас Сәттібаевтың жұбайы.