"Көзін құртамын". "Канело" Голвокинді есінен тандырмақ

©Las Vegas Review-Journal

Суперорта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинді рингтен құртқысы келетінін мәлімдеді. 

"Ол маған ұнамайды. Иә, менің мақсатым - оны зейнетке жіберу, рингтен мәңгіге көзін құрту. Кейінгі жылдары ол мен туралы көп сөйлеп кетті, сондықтан бұл жеке есеп айырысу. Менің көзімше үндемейді, алайда, берген сұхбаттарын қалай түсіндіреді? 12-ші раундқа дейін нокаутқа түсіремін. Бар дағыдымды, тәжірибемді осыны істеу үшін іске қосамын", - деп беерді Альварестің сөзін BBC.

Еске салайық, екі боксшы 17 қыркүйек Лас-Вегаста үшінші рет жұдырықтасады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар