Көзі ашылмай қалды. Әлем чемпионы қарсыласын оңдырмай сабады
Жартылай орта салмақтағы америкалық боксшы Эррол Спенс (28-0, 22 КО) Арлингтонда өткен бокс кешінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жартылай орта салмақтағы америкалық боксшы Эррол Спенс (28-0, 22 КО) Арлингтонда өткен бокс кешінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
WBC және IBF белбеулері бар Спенс кубалық Йорденис Угаспен (27-5, 12 КО) жұдырықтасты, соңғысы WBA Super чемпионы болған.
12 раундқа есептелген айқас оныншыда аяқталды. Алтыншы раундта Спенстің капасы ұшып кетіп, өзі нокдаунға түсіп қала жаздағанын айта кетейік.
.@YordenisUgas sends Spence to the ropes ?#SpenceUgas pic.twitter.com/LvokZ72tl4
— SHOWTIME Boxing (@ShowtimeBoxing) April 17, 2022
Сегізінші раундта Угас бірнеше рет есеңгіреп қалды. Ал оныншы раундта жекпе-жек кубалықтың көзі ісіп ашылмай қалғандықтан тоқтатылды.
Жарнама