Көзі алайып құлады. Қазақ боксшының тиутылды айқастағы нокаутының видеосы

©inbusiness.kz

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың жапониялық Кадзуто Такесаконы жеңген жекпе-жектің видеосы жарияланды, деп хабарлайды Vesti.kz.

12 раундқа есептелген айқас Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп, сегізінші раундта нокаутпен аяқталды. Осылайша, Мейірім орта салмақта WBO International белбеуін қорғап қалды. 

Бұл Нұрсұлтановтың кәсіпқойдағы 19-жекпе-жегі, қазақ боксшы барлығында жеңіске жеткен. Ал 15 қарсыласын жеңген жапониялық карьерасында алғаш рет жеңіліп отыр. Сонымен бірге, ол бір жекпе-жекте тең түскен болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport