Бокс
7 шілде 2022 09:26
 

"Қойшы, бауырым, көзәйнегіңді шешсеңші". Головкин Альвареске үн қатты

  Пікірлер

blog.share

"Қойшы, бауырым, көзәйнегіңді шешсеңші". Головкин Альвареске үн қатты ©RingSide24

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) Сауль "Канело" Альварестің (57-2-2, 39 КО) ресейлік Дмитрий Биволдан (20-0, 11 КО) жеңілмедім дегеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) Сауль "Канело" Альварестің (57-2-2, 39 КО) ресейлік Дмитрий Биволдан (20-0, 11 КО) жеңілмедім дегеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

8 мамырда "Канело" карьерасында екінші рет төрешілер шешімімен есе жіберді, ал GGG мексикалықты сәтсіздігін мойындауға шақырды. 

"Канелоның" сөздеріне қатысты пікір білдіру қиын, ол біздің айқас жеке есеп айырысу деп айтады. Ол өзінің нағыз эмоциясын осылай жасырғысы келетін шығар. Кейінгі жекпе-жегінен назарды басқа жаққа аудару үшін. 

Неге ондай болып кеткенін түсінбеймін, мүмкін адасып жүрген шығар. Биволдан жеңілмедім дегеніне немесе төрешілер шешіміне наразылығына қалай пікір білдіру керегін білмеймін. Ол айқаста жеңдім дей ме? Қойшы, бауырым, көзәйнегіңді шешсеңші", - деп береді Головкиннің сөзін fightnews.info

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!