Бокс
18 желтоқсан 2019 15:36

Ковалевтің командасы "Канелоның" титулды босатқанына елең ете қалды

© Allboxing
Ресейлік боксшы Сергей Ковалевтің командасы жартылай ауыр салмақта бос қалған WBO белбеуі үшін жекпе-жек өткізуі мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы оның промоутері Кэти Дува мәлімдеді.

"Канело" Ковалевті нокаутпен жеңіп иеленген WBO белбеуінен бас тартты

"Әзірге білмейміз. Мұндай мүмкіндікті нақтылап, қарастырып жатырмыз", - деп келтіреді промоутердің сөзін "Р-Спорт".

Сонымен қатар, WBO президенті Франциско Валькарсель титул үшін кім жұдырықтасатыны туралы айту әлі ерте екенін мәлімдеді.