Ковалев салмағындағы IBF және WBC чемпионы "Канеломен" жұдырықтасуға ниетті

Сурет: MMABoxing.ru
Жартылай ауыр салмақта IBF және WBC чемпионы ресейлік Артур Бетербиев (15-0, 15 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (53-1-2, 36 КО) жекпе-жекке шығу мүмкіндігі жайлы ойын айтты. 

"Әлбетте Альвареспен жұдырықтасу мені қызықтырады. Ол біздің салмаққа келіп, Ковалевті жеңгенге дейін де ұнайтын. Боксшы ретінде ұнайды, интелекті анық байқалады. Ол рингте бәрін есептеп, бәрін әдемі жасайды", - деп келтіреді Бетербиевтің сөзін РИА Новости.

Еске салайық, Бетербиев титулдарын міндетті қарсылас қытайлық Мэн Фаньлунге қарсы қорғайды (16-0, 10 КО), ресейліктің бұл жекпе-жектен бас тарту құқы бар. Ал "Канело" рингке 2 мамыр Лас-Вегаста шығады. Оған ең ықтимал қарсылас ретінде екінші орта салмақта WBO чемпионы Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО) аталып отыр.