auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Ковалев GGG бапкерін мөшек деп атап, Әлімханұлының тәлімгерін мысал етті

Ресейлік бұрын Абель Санчеспен жаттыққан.

Ковалев GGG бапкерін мөшек деп атап, Әлімханұлының тәлімгерін мысал етті
© Сhampionat.com
Жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы ресейлік Сергей Ковалев (33-3-1, 28 КО) жаңа бапкер Бадди МакГиртпен жаттығудан не өзгергенін айтты, - деп хабарлайды VRinge.com.

2 ақпан АҚШ-тың фриско қаласында Ковалев қарымта кездесуде колумбиялық Элейдер Альваресті (24-1, 12 КО) жеңді. 

Сұхбат кезінде боксшы МакГрит пен алдыңғы бапкері Абель Санчес арасындағы үлкен айрымашылық барын атап өтті. Санчес қазақстандық Геннадий Головкинді (38-1-1, 34 КО) жаттықтыратынын айта кетейік.

Альварестен жеңілгененн кейін екі апта араным ашылып кетті, өйткені дайындық дұрыс болмады. Тәтті көп жедім. Екі аптада денем көмірсуларға толды, ал өзім жаттығып жүрдім. Қарымта боларын білдім және оған дайындалу керек еді. Екі аптада 91,5 келіге жеттім, сонда осы жекпе-жекке дейін 12 келі тастадым. 

Тері асты майларынан қалай құтылуды зерттей бастадым. Осы арқылы рұқсат етілген салмаққа жеттім, оның үстіне бапкерім де ауысты. Ол Артуро Гаттимен жұмыс істеп, оның карьерасын жалғастырып берген Бадди МакГирт пен Тедди Крус.

Бадди сол қолыммен көп жұмыс істете бастағаны көңілден шықты. Қолым істемей қалғанша жаттығатын кездер болды. Осы жаттығу лагері мен тәртіп арқылы дайындығым жақсы болды. Мен жеңе алатынымды түсіндім. Бадди артық жаттығып кетуіме жол бермеді. Менің ынтам мен күшімді сақтады. 

- Макгирттің Дон Тернер, Абель Санчес және Джексоннан айрымашылығы?

- Олар бапкер емес, жай ғана мөшектер, ал Бадди - нақты бапкер. Оған әуесқой стилімді көрсеттім, ол осы бойынша жұмыс жүргіземіз деді. Аяғымды бүгіңкіреп, жинақы болу керегімді айтты, маған соққы тигізу қиындау болу үшін. 

Кей дүниелер қостым - бәрі сол қолмен. Бастысы - артық жаттықпау еді, 35 жас қалыпқа келу бұрынғыдай емес. Ол да осы жасында жұдырықтасқан, мұның не екенін біледі. Кәсіби жолмен әуесқой стилімді қайтарды. 

- Аброр Турсунпулатовпен қалай қоштастыңыз?

- Арақатынасымыз жақсы. Онымен ары қарай жұмыс істер едім, бірақ, өзі айтты. Маған сенімін жоғалтты. Top Rank компаниясымен келісімшарт жасасқанда келесі бапкерім кім болады деген сұрақ туды. Олар қазіргі бапкер жарамайтынын білдірді. Эгис Климас осылайша Бадди МакГритті ұсынды. Көптен танимын, жекпе-жектерде жиі көрісетінбіз. Бір-екі жаттығудан кейін-ақ оның өз ісін білетінін түсіндім. Маған ұнады. 

Еске салайық, 2016 жылы қазанда Ковалев автобиографиясында Санчесті бокста тәжірибесі жоқ білімі аз адам деп атады. Жауап ретінде бапкер боксшының стилі оның залынан деген. 

Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар