Кособуцкий үздік ондыққа жақындап келеді. WBA рейтингі жаңарды

сурет: flickr

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының жаңарған рейтингі шықты. Олардың арасында қазақстандық былғары қолғап шеберлері де позицияларын жаңартты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Атап айтқанда, суперауыр салмақта Жан Кособуцкий үздік ондыққа жақындай түсті. Ол 15-орыннан 12-орынға дейін көтеріліп отыр.

Осыған дейін 14-сатыда тұрған ауыр салмақтағы Серік Мұсаділов 12-орынға жайғасты.

Екінші жеңіл салмақта Евгений Павлов бір саты жоғарылады. Енді жерлесіміз өз салмағында 9-боксшы атанды.

Метки:
Жаңалықтар