Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының жаңарған рейтингі шықты. Олардың арасында қазақстандық былғары қолғап шеберлері де позицияларын жаңартты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Атап айтқанда, суперауыр салмақта Жан Кособуцкий үздік ондыққа жақындай түсті. Ол 15-орыннан 12-орынға дейін көтеріліп отыр.
Осыған дейін 14-сатыда тұрған ауыр салмақтағы Серік Мұсаділов 12-орынға жайғасты.
Екінші жеңіл салмақта Евгений Павлов бір саты жоғарылады. Енді жерлесіміз өз салмағында 9-боксшы атанды.