Бокс
8 қазан 12:40
 

"Көшеде төбелеіп өстім". Балауса әкесінің ұлдарға ұрғызғысы келгені жайлы

  Пікірлер

blog.share

"Көшеде төбелеіп өстім". Балауса әкесінің ұлдарға ұрғызғысы келгені жайлы ©instagram.com/muzdi___/

Қазақстандық бұрымды кәсіпқой боксшы Балауса Мұздиман (9-0, 7 КО) Massaget TV арнасына берген сұхбатында боксқа қалай келгені туралы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz

blog.share

Қазақстандық бұрымды кәсіпқой боксшы Балауса Мұздиман (9-0, 7 КО) Massaget TV арнасына берген сұхбатында боксқа қалай келгені туралы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz

Балауса тіпті бокс залына алғаш рет сағат кешкі 8-9 шамасында атап кіргеніне дейін есінде екенін айтады. Жаттығудың кеш басталу себебі алғашқы бапкердің Алматыдан Ақшиге келіп жүруіне тура келгендігіне байланысты болған екен. 

- Сіз бала күніңізде хирург болғысы келген дейді?

- Бал күнімде өте шапшаң, бұзық баланың бірі болсам деуге болады, еркелетіп өсіргеннен де болар, мүмкін туы біткен мінезден. Сол кездері оқыс жағдайлардың бәрі менімен болатын - ЗИЛ көлігінің үстінен ұшып түскенмін, шатырдан құладым, ыстық суға күйгенмін, тіпті құлап, тілімді екіге айрырып алған жағдай да болды. Өте тынымсыз бала болдым десем де болады. Міне осы жарақаттардан қалған тыртықтарды алып тастағым келіп, содан хирург боламын деп ойлайтынмын.

- Балауса өзінен үлкен балаларға дейін төмпештей бергендіктен әкесі боксқа берген дейді?

- Мектепте бала болғаннан кейін төбелесесің ғой. "Кім бірінші атаман?" десе, мен деп атаып тұратынмын. Сыныптастар, көшедегі балалармен төбелесіп өскенім рас енді. Сол себепті де әкем ойлаған болар, боксқа барады, ер балалардан таяқ жеп, сосын кәдімгі қыздар сияқты өмірге келеді деп ойлаған шығар. Бірақ менімен боксқа барған балалардың бәрі спортты қойып кетті де, ал мен мансабымды ары қарай жалғастырып келемін. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!