Қорыққаны ма? "Канело" Головкинмен орта салмақта жұдырықтасудан бас тартып отыр

28 желтоқсан 2020 11:09
Сурет: foxdeportes

Екінші орта салмақта WBC және WBA (Super) чемпионы Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек үшін орта дивизионға (160 фунтов) түспейді,- деп хабарлайды BoxingScene.

Мексикалық боксшының бапкері, әрі менеджері Эдди Рейносоның сөзінше, Сауль GGG-мен тек 168 фунтта жұдырықтаспақ. Сонымен қоса, жекпе-жек шарттарын да Альварес қоймақшы екен.

"Сауль Альварес 168 фунтта жұдырықтасады. Головкинге де, өзге ешкімге де 160 фунтқа түсетіндей жеңілдік жасамаймыз. Кім болса да біздің суперорта салмаққа келсін. Кейінгі кезде Головкин нашар боксшылармен жұдырықтасып жүр. Ал "Канело" тек мықтылармен. Енді біз басымдықтамыз. Келіссөзден не шығатынын көреміз. Ұсыныс күтеміз. Әзірге ештеңе шешкен жоқпыз. Біз Головкинмен 168 фунт салмақта жұдырықтасуға дайынбыз", - дейді Рейносо.