Орта салмақтағы қазақ боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) "уақытша" чемпион атағы үшін жекпе-жек алдында Бүкіләлемдік бокс ұйымына (WBO) үн қатты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мексикалық Хайме Мунгиямен (39-0, 31 КО) келісімге келуге берілген уақыт аяқталды, алайда, WBO промоутерлік сауданы әлі белгілемеді.
"Жаңалық бар ма? Егер менімен ешкім айқасуға келіспесе, онда белбеуімді өзіме беріңдер!", - деп мәлімдеме жасады Жәнібек.