Қорқынышты нокаут. Проспект қарсыласын бірінші раундта естен тандырды

©Видеодан жасалған скрин

Аргентинада өткен бокс кешінде қарсыласының бәрін нокаутпен жеңген мексикалық проспект Луис Фернандо Родригес (10-0, 10 КО) отандасы Брэндон Ромероны (12-3-1, 6 КО) есінен тандырды, деп хабарлайды vRINGe.com.

Бірінші раундта-ақ Родригес қарсыласын бір рет нокдаунға түсірді де, гонг соғыларға секунд қалғанда оны есінен тандырды. Жеңіліп қалған боксшыны рингтен зембілмен алып кетті. Ал жеңімпаз WBC "жастар" титулын иеленді. 

Ал кештің басты айқасында жергілікті проспект Хуан Мануэль Таборда (17-0-1, 10 КО) колумбиялық Хуан Боаданы (12-4, 6 КО) жеңіп, WBO тұжырымынша Латын Америка чемпионы атағын қорғап қалды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар