Қорқынышты білмейді. "Канело" бесінші дивизионды мойындатуға бел буды

©DEPOR

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 KO) жоғары салмаққа көтеріліп, келесі қарсыласын таңдап қойды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бапкер Эдди Рейносоның сөзінше, "Канело" бірінші ауыр салмаққа өтпек. WBC мексикалықтың қазіргі чемпион конголезиялық Илунги Макабумен (28-2, 25 КО) жекпе-жегіне рұқсат берді. Бұл айқас келесі жылы мамырда өтуі ықтимал. 

"Қазір ғана бірінші ауыр салмақта "Канело" Альварес пен Макабу арасындағы жекпе-жекке рұқсат бердік", - деп береді WBC президенті Маурисио Сулейманның сөзін Boxingscene.com.

Осылайша, Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) трилогия өтпейтінге ұқсайды. Дегенмен Альварес екінші орта салмаққа көтерілсе GGG-мен жұдырықтасуға дайын екенін айтқан болатын. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport