Бокс
23 тамыз 2019 09:53

"Қорқыныш бар!". Головкин Деревянченкомен әлем чемпионы титулына жекпе-жек жайлы

© ru.tsn.ua
Қазақстандық Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченкомен орта салмақта бос тұрған IBF титулы үшін өткізетін жекпе-жегі жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Таяуда қарсыластар Нью-Йоркте бірінші рет кездесіп, баспасөз мәслихатын өткізген. Өз мәлімдемесінде Головкин сәл-пәл үрей пайда болғанын айтқан.

Қазақстандық Деревянченконы көп уақыттан бері білетінін айтқан.

"Алаңдап отырмын. Бұл жағымды сыйлықтай. Біріншіден, екінші үйіме оралғаныма өте қатты қуаныштымын. Карьерам бойында қолдау білдіріп келе жатқан Madison Square Garden отбасына алғысым зор. Әрине, алаңдау бар, жағдайды түсініп отырмын. Деревянченко шын мәнінде жақсы боксшы. Жағдайды түсінемін, бұл ойын емес, нағыз жекпе-жек. Сәл-пәл үрей бар, себебі ол өзіне сенімді - бапкерін тыңдап көріңіздер! Ол дұрыс айтып отыр. Оның командасы өте мықты", - деді Головкин алдағы кездесуі жайлы.

Қарсыластар көздеріне тік қарасты.



"Қорқыныш неге бар дейсіз бе? Ол керемет, мығым, оның уақыты секілді. Солай шығар. Бәрі мүмкін! Бұл бокс, не боларын ешкім де білмейді. Нағыз шоуды, нағыз жекпе-жекті көргілеріңіз келсе 5 қазанда MSG-ге қош келдіңіздер. Мені қолдап жатқан жұртқа рақмет. Промоутерлік компанияларға, демеушілерге, кездесуге қатысы бар адамдарға алғыс. Жігіттер, уәде беремін: 5 қазанда тамаша шоу болады, MSG-де күтемін", - деді қазақстандық.