"Қораға кіреді". "Жалдамалы баскесер" Жәнібекпен айқас жайлы

©Mo and Sports

Орта салмақта Ұлыбритания чемпионы Нэтан Хини (18-0, 6 КО) кезекті рет осы дивизионда WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (15-0, 10 КО) жекпе-жекке шыққысы келтінін мәлімдеді, деп жазады Vesti.kz.

"Жалдамалы баскесер" лақап атты британиялық боксшы 16 наурыз Бирмингемде отандасы Брэд Полспен (18-1, 10 КО) жұдырықтасады.

"Бүкіләлемдік бокс ұйымының әлемдік рейтингінде төртінші тұрған Поттериздік жігіттің өзі. Егер мен Брэд Полсты сабап тастасам, Әлімханұлы "қораға кіреді", - деп жазыпты Хини твиттер желісінде WBO рейтингінде төртінші тұрған суретті қоса салып. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport