"Көптің бірі болып қалды". Белгілі менеджер "Канело" жайлы

©AP

Белгілі спорт менеджері Әли Абдель-Әзиз мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (57-2-2, 39 КО) соңғы айқасында жеңіліп қалған соң, UFC чемпионы Камару Усманмен жекпе-жек өткізе алмайтынын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Соңғы кездесуінен кейін Альварес қарапайым боксшы болып қалды. Ол расымен де көптің бірі екеніне көзім жетті. Осылайша, "Канело" UFC чемпионы америкалық Камару Усманмен күш сынасу мүмкіндігінен айрылды. Енді оны pound-for-pound королі деп айтуға ауыз бармайды. Саульді адам ретінде сыйлаймын. Алайда ол енді бұрынғыдай емес", - дейді Абдель-Әзиз Menace Tube в YouTube арнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, Сауль "Канело" Альварес мамыр айында ресейлік Дмитрий Биволмен (20-0, 11 KO) қолғап түйістіріп, төрешілер шешімімен карьерасында екінші рет жеңілістің кермек дәмін татты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар