"Көптеген ұлы чемпиондар айқасқан...". Промоутер Головкиннің рекорды туралы

©isport.ua

Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 KО) промоутері Том Леффлер GGG-дің Лос-Анджелестегі ең алғашқы айқасын еске алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл тура сегіз жыл бұрын болған екен, 2014 жылдың 18 қазанында. 

Ол кезде StubHub Center шаршы алаңында Головкин мексикалық Марко Антонио Рубионы (59-8-1, 51 KO) екінші раундта нокаутқа түсірген.

"Геннадий Головкин бірінші рет Лос-Анджелесте айқасты және көптеген ұлы чемпиондар жұдырықтасқан StubHub рекордын орнатты", - деп жазыпты промоутер.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport