Бокс
4 қыркүйек 2019 11:28

"Көптеген чемпионнан дәржесі жоғары". Азияның ең мықты боксшысы Елеусіновтің үлкен жекпе-жектерге дайындығы туралы

© Matchroom Boxing
2013 жылы әлем және Азия чемпионы, Азияның ең мықты боксшысы атанған Мерей Ақшалов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Данияр Елеусіновтің (7-0, 3 KO) алдағы жекпе-жегінен не күтетінін және қандай қыиндықтар болуы мүмкін екенін айтты. 


Жеңілмеген Елеусінов 13 қыркүйек Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасының Hulu Theather залында кәсіпқойдағы сегізінші жекпе-жегін өткізеді. Қазақстандық боксшының қарсыласы да жеңілмеген амеркиалық Решард Хикс (12-0-1, 6 KO).

"Данияр әдеттегдей жұдырықтасатын шығар: алдап, қарсыласынан басым боады, ал ыңғайы келсе, оны нокаутқа да түсіреді. Ұзақ үзілісі болған жоқ, үш-төрт айда бір жекпе-жек - бұл кәсіпқой үшін қалыпты. Ауырған жоқ, демалмады, тек жаттықт", - дейді Ақшалов. 

Бұрынғы боксшының сөзінше, Елеусінов жартылай орта салмақтағы ең мықтылармен жұдырықтасуға дайын.

"Ол дайын және техникасы мен тактикасы арқасында кез келген қарсыласты жеңе алады. Данияр -  талантты боксшы. Бастысы соққы жіберіп алмай, 12 раунд шыдау: тынысы жеткені маңызды. Оның дәрежесі көптеген чемпионнан жоғары. Аздап қатаңдық қажет, болды.

Елеусіновте сегзі раундтан артық жекпе-жек болмады. Ал 12 раунд шыдау үшін екі-үш рет он раундты кездесу өткізу қажет. Қалыптасу керек. Қазір Данияр сегіз раундқа шаршамайды, алайда, тоғыз бен оныншы раунд оңайға соқпайды. Мәселен кәсіпқой бокста жүрген менің інім - Мейірім Нұрсұлтанов, осындай бірінші жекпе-жектен кейін сегіз раундты оңай шыдағанымен, ары қарай күрт қйындап кеткенін айтқан", - дейді ол.