"Көңілге жағымды видео". Головкин Деревянченконы таза жеңгенінің дәлелі жарияланды

© DAZN
Jack Alert YouTube арнасында қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) орта салмақта IBF және IBO белбеулері үшін украиналық Сергей Деревянченкомен (13-2, 10 КО) жекпе-жекте сәтті жұдырықтасқаны көрсетілген видео жарияланды. 

Роликке "Деревянченконы тонады" деп келекелі атау берілген. Алайда видеода қазақстандықтың қарсыласына соққыларын қалай дарытқаны және сәтті қорғана білгені көрсетілген. 

"Мен жасап көргендер арасындағы көңілге ең жағымды видео. Хейтерлер, GGG бұл жекпе-жекте жеңді", - делінген Jack Alert хабарламасында.