92 келіден аса салмақта өнер көрсететін Қамшыбек Қонқабаев Бакудегі "Ұлы жібек жолы" атты халықаралық турнирге қатысу үшін Қазқақстан құрамасына оралған болатын, деп жазады Vesti.kz.
Қамшыбек жарысты ширек финалдан бастап, күтпеген жерден ресейлік Рамазан Карнукаевтан жеңіліп қалды.
Еске салайық, Қонқабаевта Париж Олимпиадасына жолдама бар.
Осылайша, жарытлай финалға қазақстандық екі боксшы ғана өтті - Сағындық Тоғамбай (92 келіге дейін) және Теміртас Жүсіпов (48). Ал Дамир Әбдіқадыр (51), Серік Теміржанов (63,5), Тимур Нұрсейітов (75) енді міне Қамшыбек те жарыстан шығып қалды.