Қоңқабаев Джалоловпен шықпай қойған кіші ӘЧ-ден кейін "жазаланды"

©Olympic.kz

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақтағы рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Осылайша, қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев рейтингтен шығып қалды. Ал жыл басында Қамшыбек ауыр салмақта төртінші орында болған еді. Бұл ұзақтан бері рингке шықпағандықтан болса кеерк, өйткені Қоңқабаев соңғы рет кәсіпқойда 2022 жылдың наурызында жұдырықтасқан. 

Осы жекпе-жектен кейін Қамшыбек бокстан Қазақстан құрамасына қосылды. Ақпан айында ол Болгарияда өткен Странджа кубогіне қатысып, 1/4 финалда ескі қарсыласы - Олимпиада чемпионы өзбекстандық Баходир Джалоловпен айқасқа шықпай қойды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар