"Көмегін аямай, қолдау көрсетті". Қазақ боксшы WBC титулын иеленген соң Тайсон Фьюриге қонақ болды

Тұрсынбай Құлахмет және Тайсон Фьюри. Сурет: instagram.com/kulakhmet_tursynbay

Қазақстандық Тұрсынбай Құлахмет (2-0, 1 КО) әлемдік бокс жұлдызы британиялық Тайсон Фьюриде (30-0-1, 29 КО) қонақта болған екен,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылар Англияда кездесіп, танысқан. Әуесқойда Азия чемпионы болған қазақ боксшы бұл елде кәсіпқойдағы екінші жекпе-жегін өткізіп, WBC International титулын иеленді. 

Фьюри мен Кұлахметтің ісін бір компания - MTK Global жүргізетінін айта кетейік. Белгілі боксшыға Тұрсынбаймен бірге, бапкер Қанат Алтаев пен MTK Kazakhstan жетекшісі Асқар Салықбаев та қонақ болды.

"Тайсон Фьюриге командамыздан атымыздан ерекше алғыс білдіремін. Тайсон бізді барғаннан күтіп алып, көмегін аямай, қолдауын көрсетті. Жекпе-жектен кейін де қасымыздан табылып, қонақ қылып күтіп жіберді. Оның адамгершілігі мен қонақжайлығына дән ризамыз. ", - деп жазыпты Құлахмет Instagram желісінде.