Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы комадан шыққанан кейін әлеуметтік желіде жанкүйерлеріне үндеу жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Керемет жаңалық! Біздің боксшымыз Айдос Ербосынұлы емханадан шықты", - деп жазды Suleimen Promotions промоутерлік компаниясы әлеуметтік желісінде.
Еске салайық, 6 қарашада қазақстандық боксшы кубалық Давид Моррелден нокаутпен жеңілген болатын. Суперорта дивизиондағы жекпе-жекте WBA титулы сарапқа салынған еді. 12-раундтағы нокауттан кейін Айдосты шұғыл түрде Миннеаполис қаласындағы ауруханалардың біріне жеткізді. Оны "миына қан кету" диагнозымен жасанды түрде комаға түсіріп, операция жасаған еді.
https://www.sports.kz/news/aydos-erbosyinulyi-zapisal-pervoe-video-s-obrascheniem-dlya-kazahstantsev-posle-vyihoda-iz-komyi